Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.





Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздарда...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

icon  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алт...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

icon Слова: Жумекена Нажимеденова, Нурсултана Назарбаева Музыка: Шамши Калдаякова Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып ег...

Соңғы жаңалықтар

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді 1 маусым  – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қуаныш пен ш ...

01 маусым 2021
Соңғы қоңырау мерекелік кеші

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 жалпы білім ...

25 мамыр 2021
Жалпы білім пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Жалпы білім пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қазақ мектептеріндегі о ...

14 мамыр 2021