Семинарлар

28-01-2019  

"Үштілділік - жарқын болашақ кепілі"

icon25.01.2019ж. күні мектебіміздің әдіскері ұйымдастыруымен "Үштілділік - жарқын болашақ кепілі"  тақырыбында мектеп ұстаздарымен семинар өткізілді. Мақсаты:  Сабақ  барысында заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігін анықтау. Семинар барысынды үш тілде ашық сабақтар, баяндама ұйымдастырылды. 

04-12-2018  

«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»

iconЖаңаөзен  қаласындағы қалалық білім үйлестіру орталығы мен № 10 жетекші орта мектептің бірлескен жоспарына сәйкес 2018 жылдың 29 қараша күні № 7 орта мектепте «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға серіктес мектептердің мұғалімдері және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Шарада сала мамандары үшін жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсетуге, қала мұғалімдерінің өз тәжірибелерін арттыруда педагогикалық тәсілдермен танысуға басымдық жасалды. Семинарда мектептің жоғары дәрежелі мұғалімі Г.М. Бегеева «Критериалды бағалау – табысты оқыту негізі» тақырыбында баяндама жасады. Оқыту тәжірибесін тарату мақсатында мұғалімдерге арнап критерийлер мен дескрипторлар дайындаудың жолдары, бағалау жүйесі жоспарлау бағытында практикалық сабақтар өтті. Бұл күні орыс тілі пәні мұғалімі Г.К. Оразгалиева «Мой друг» тақырыбында панорамалық сабақ жүргізуді, Г. Кокишева «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында коучинг, ал жас маман А.Ғ. Қонақбаева география пәнінен «Көлдер мен мұздықтар» тақырыбында 8-сыныпта ашық сабақ өткізді. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылданды. Аталмыш қалалық семинарды ұйымдастыра отырып, қаладағы серіктес мектептердің өзара ықпалдаса отырып жұмыс істеуіне, қалалық өзге мектептермен байланысты арттырудың жұмысы жолға қойылды.  

Соңғы жаңалықтар

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді 1 маусым  – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қуаныш пен ш ...

01 маусым 2021
Соңғы қоңырау мерекелік кеші

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 жалпы білім ...

25 мамыр 2021
Жалпы білім пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Жалпы білім пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қазақ мектептеріндегі о ...

14 мамыр 2021