Тәрбие сағат

28-04-2021  

“ Чернобыль - жалпы ауырсыну және трагедия”, “Семей полигонының қасіреті” атты тақырыбында ашық тәрбие сағаты

iconМаңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№10 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің   информатика пәні мұғалімі Нұратдинов Әділбек 10 “Б” сыныбына “ Чернобыль - жалпы ауырсыну және трагедия”, “Семей полигонының қасіреті” атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Ашық тәрбие сағатында Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, Семей полигоны жайында ой қозғалды. 

21-11-2019  

"Абайды оқы, таңырқа!"

icon20.11.2019ж. күні "Абайды оқы, таңырқа!"  тақырыбында  5 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім - ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.

23-09-2019  

«Абай әлеміне саяхат»

icon13-19 қыркүйек аралығында мектебімізде «Абай әлеміне  саяхат» атты 2-10 сынып оқушыларына сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып,білім-ғылымға құмарлығын арттыру,жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелу . 

19-09-2019  

Әбіш Кекілбаевтің өлеңдеріне арналған сайыс сабақ

icon 18 қыркүйек күні мектебімізде «Әбіш оқулары» атты 9 «Г» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен сайыс сабақ өтті. Бұл сайыс сабақтың мақсаты: Сынып оқушыларының арасында Әбіш шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау; сөздік қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой –танымын кеңейту, рухани танымдарын ашып,олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. 

19-03-2019  

«Қош келдің, әз Наурыз!»

18.03.2019 күні  мектебімізде 8"Г" сыныбында өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік тәрбие сағат. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. 

18-12-2018  

16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты апталық

icon12.12.2018ж. күні 7 «А» сыныбында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында көрініс, ән, би, өлең шумақтары оқылды. Бұл тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға ата – бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздіктің қандай еңбекпен келгендігін түсіндіру, желтоқсан құрбандарының есімдері мен ерліктерін мәңгі есте сақтауға үйрету, адамгершілікке, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. 

Соңғы жаңалықтар

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді 1 маусым  – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қуаныш пен ш ...

01 маусым 2021
Соңғы қоңырау мерекелік кеші

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 жалпы білім ...

25 мамыр 2021
Жалпы білім пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Жалпы білім пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қазақ мектептеріндегі о ...

14 мамыр 2021